A+ A A-

talgatzhan 31 19-02-2025, 12:10 0

ШҚО-да 78 жастағы әйел алғаш рет жеке куәлік алды

Бүгін / ШҚО

Өскеменде 78 жастағы Тамара Бочкарева алғаш рет ҚР азаматының жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Егде жастағы әйел зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде төлқұжаттың қажет екенін түсінді. Бұл мәселені шешу үшін ол көші-қон қызметіне жүгінді. Полиция қызметкелері азаматқа жан-жақты көмек көрсетті. Ақпан айында ол өзінің алғашқы жеке куәлігін алды. 

Жыл басынан бері ШҚО Көші-қон қызметінің аумақтық бөлімдері азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жеке куәлікті дайындауға 6 799 өтініш түсті, оның 27-сі өз бетімен жүріп-тұра алмайтын азаматтардан келді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив