A+ A A-

talgatzhan 32 19-02-2025, 11:45 0

ШҚО-да жыл басынан бері екі жасөспірім суицид жасады

Бүгін / ШҚО

Былтыр 32 кәмелетке толмаған жасөспірім өз-өзіне қол жұмасақ болған. Екі бала көз жұмды. Жыл басынан бері тағы екі жеткіншек суицид жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы суицид деректерін өткен жылмен салыстырғанда динамиканың тұрақсыз екені анықталды. Кайтыс болғандар саны 75%-ға кемісе, өз-өзіне қол салмақ болғандар саны 60%-ға артқан. Оның ішінде 43%-ының себебі анықталмады, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.

Психологтардың айтуынша,басты себептерге жасөспірімдердің депрессияға душар болуы, эмоционалдық, әлеуметтік мәселелер мен психобелсенді заттарды қабылдау жатады. 

- Жасөспірімдердің мұндай әрекетке баруына романтикалық қарым-қатынастың бұзылуы, оқудағы қиындық, өзіне деген сенімсіздік, отбасындағы жанжалдар себеп болуы мүмкін, - дейді балалар психологы.

Сондай-ақ ересектерден немесе қатарластарынан зорлық-зомбылық көрген жеткіншектер де суицидке баруы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив