Науқас пен оның анасы Үлкен Нарын ауданынан Өскеменге ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағымен жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Баланы медициналық мекемеге жедел тасымалдауға "Eurocopter EC -145" тікұшағының ұшқыштары Станислав Водолеев пен Әлібек Түсіп, балалар реаниматологы Рафаил Хамитов пен фельдшер Назым Бейсенбаева қатысты.
Науқастарды әуе арқылы тасымалдау төтенше жағдайларда ең жедел тәсіл саналады.
ТЖМ ұшқыштары мен дәрігерлер тапсырманы кәсіби түрде орындап, баланы және оның анасын облыс орталығының медициналық мекемесіне қауіпсіз жеткізді.
Пікірлер