A+ A A-

talgatzhan 32 19-02-2025, 17:40 0

ШҚО-да тұрғындарды таза ауызсумен қамту мәселесі талқыланды

Бүгін / ШҚО

«AMANAT» партиясының ШҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиында Самар, Күршім және Марқакөл аудандарындағы тұрғындарды таза ауызсумен қамту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2023-2027 жылдары өңірдегі су инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға сапалы ауызсу жеткізу бойынша нақты шаралар қолға алынған.

«Таза ауызсу – әр азаматтың негізгі қажеттілігі. Біз партиялық бақылау арқылы бұл мәселені үнемі назарда ұстап, халыққа сапалы коммуналдық қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуіміз керек. Ауызсу мәселесі тек инфрақұрылым емес, бұл – адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор» – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Самар ауданының  ауылдарындағы  халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы Самар ауылында жалпы сомасы 548,6 млн теңгеге су құбыры желілері мен су жинау құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 56,5 млн теңгеге су құбыры желілерін жаңарту жобасы аяқталды. Жоспар бойынша ауыл халқының 100%-ы сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі таңда 9 219 адам немесе 81,2% орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Алайда Көкжыра, Аққала, Құлынжон және Көкжота ауылдары әлі де су желісіне қосылмаған.

«Ауыл халқын таза ауызсумен қамту – біздің басты міндетіміз. Қазіргі таңда сумен жабдықтау желілері жүргізілмеген 4 ауыл бар. Бұл мәселе жоспарлы түрде шешімін табады. Барлық қажетті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асып, әрбір ауыл тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізетін болады»,- дейді Самар ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенов.

Күршім ауданы Барақ Батыр, Алғабас, Күршім ауылдарында және Марқакөл ауданы бойынша тұрғындарды таза ауызсумен толық қамту мәселесі әліде күн тәртібінде. ««AMANAT» партиясы халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жүзеге асуын қатаң бақылауда ұстайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив