ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 6 000 метрден астам заңсыз орнатылған тор мен 600 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, экологиялық заңнаманы бұзудың 232 фактісі анықталып, табиғатқа келтірілген залал көлемі 4,5 миллион теңгеден асты.
-«Браконьер» іс-шарасы әлі де жалғасуда. Құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өкілдерінен құрылған мобильді топтар заңсыз балық аулауға қарсы күрес жүргізіп, өңір экологиясын қорғауда, - делінген ақпаратта.
Пікірлер