2024 жылы аталған жобаны жүзеге асыруға 7 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған еді. Биыл бұл сома біршама ұлғаймақ, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Былтыр республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінді. Ұсынылған 135 жобаның 72-сі мақұлданып, жалпы сомасы бір миллиард теңгеге несие берілді. Оның ішінде туризмді дамыту бойынша 29 жобаға 473,6 миллион теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 26 жобаға 306,3 миллион теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша 6 жоба 70,8 миллион теңгеге қаржыландырылды. Басқа бағыттар бойынша жалпы сомасы 149,3 миллион теңгеге 11 жоба жүзеге асырылды. 163 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекова.
Басқарма басшысының айтуынша, 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінбек.
- Былтырғы қаржыны қоса есептегенде жалпы сома 4,5 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландыру сәуір айында іске асырылмақ. Осылайша, туризм мен ауыл шарушалығыны өнімдерін өңдеуді дамыту, қажетті техника мен құрал-жабдықтарды сатып алу назарға алынады, - дейді Ажар Елемесқызы.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер