A+ A A-

talgatzhan 33 21-02-2025, 09:30 0

ШҚО-да есірткі өсіруге арналған екі фитолаборатория жойылды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Өңірде есірткі заттарын заңсыз өсіруге арналған екі шағын жылыжай табылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тінту барысында облыстың 57 және 35 жастағы тұрғындарының пәтерлерінен арнайы жабдықталған фитолабораторияларды анықтады. Олардың бірі жарықдиодты шамдармен, желдету және фильтр жүйесімен жабдықталып, шкафтың ішінде орналасқан болса, екіншісі термобокс түрінде жасалған. Сондай-ақ қарасора өсімдігі, оларды өсіруге арналған құрылғылар, өсімдік тектес зат салынған түйіншектер тәркіленді. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 570 граммнан асты.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив