2004 жылдың 22 қаңтарында облыс орталығындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда қылмыскер ізін суытып, айғақтарды жою үшін үйді өртеп жіберген.
Дегенмен жедел уәкілдер материалдарды мұқият зерттеп, жиналған деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін рет-ретімен қалпына келтірді.
Ақпан айында қылмыстық іс қайта жалғасып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын қолға алды.
Осылайша, 18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Пікірлер