A+ A A-

talgatzhan 35 21-02-2025, 16:00 0

ШҚО-да балалардың құқықтарын қорғау үшін «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылдың наурыз айында Telegram мессенджерінде (@VKO_URPAQ_BOT) іске қосылған «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.

Чат-ботты қолдану ыңғайлы болу үшін сілтемесі бар QR-кодтар мектептерде, мемлекеттік мекемелерде және халық көп жиналатын орындарда орналастырылған. Сонымен қатар, ата-аналар чатына да жіберілген. Белсенді түрде насихаттаудың нәтижесінде қолданушылар саны 2025 жылғы 8 қаңтарда 7 986 болса, кейін 11 274-ке жетті.

Жоба іске қосылғаннан бері чат-бот арқылы 178 хабарлама қабылданды:

36 – шұғыл көмек сұрау (SOS);

33 – буллинг (кемсіту, мазақтау) туралы шағымдар;

65 – психологпен сөйлесуге сұраныс;

19 – зорлық-зомбылық туралы деректер;

18 – бопсалау фактілері;

7 – дінге қатысты сұрақтар.

Чат-боттың көмегімен екі буллинг оқиғасының алдын алуға және жасөспірімдерге вейп сатқан Telegram-арнаны бұғаттауға мүмкіндік туды.

2024 жылдың қараша айында «URPAQ»-қа түскен шағымнан кейін полиция 16 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол мектеп оқушыларына пышақпен қорқытып, ақша бопсалаған. Ал 2025 жылдың қаңтарында өгей қызын қорлап, ішімдік ішіп, жанжал шығарған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда «URPAQ» жобасын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бастама балаларға уақытында көмек алуға мүмкіндік беріп, аймақты қауіпсіз етуге ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив