A+ A A-

talgatzhan 44 21-02-2025, 18:00 0

ШҚО-да үздік туристік рекреациялық аймақтар таңдалады

Бүгін / ШҚО

«ШҚО-ның Үздік туристік рекреациялық аймағы» атағына байқау өтті. Байқауға туризмнің әртүрлі бағыттарын қамтитын 24 жоба қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың ішінде жағажай туризмі, экологиялық, ауылдық, емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық және қысқы тау шаңғысы туризмі салаларындағы бастамалар бар.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллиард теңгені құрады. Бұл қаражат туристік инфрақұрылымды дамытуға, атап айтқанда, жол салуға, электр желілерін тартуға және басқа да қажетті жұмыстарға жұмсалады. Қаражат 200 миллион теңгеден 5 лотқа бөлінген.

Жобаларды қарастыру нәтижесінде қазылар алқасы ең тиімді деген 9 бастаманы іріктеп алды. Олардың ішінен өңірдегі туризмнің дамуына айтарлықтай әсер ете алатын финалдық жеңімпаздар анықталады. Бағалау кезінде жобалардың туристерді тарту мүмкіндігі, жергілікті бизнесті ынталандыруы, жаңа жұмыс орындарын құруы және қолданыстағы туристік бағыттарға ықпалдасуы ескерілді.

Бұл байқау Шығыс Қазақстанның елдегі жетекші туристік өңірлердің біріне айналдыруға ықпал ететін үздік бастамаларды қолдауға бағытталған. Байқаудың соңғы қорытындысы жақын арада жарияланбақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив