A+ A A-

talgatzhan 31 24-02-2025, 12:00 0

ШҚО-да 224 тонна сүзбе мен ірімшік өндірілді

Бүгін / ШҚО

Өткен айда елде 3,4 мың тонна ірімшік пен сүзбе шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өңірлер бойынша Алматы (597 тонна), Солтүстік Қазақстан (435 тонна) облыстары, Шымкент (352 тонна) және Алматы (345 тонна) қалалары көш бастады. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 224 тоннаны құрады.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбенің құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға артты.

Өнім түрлері бойынша тұзды ірімшік 2,5%-ға, қатты ірімшік 3,8%-ға, өңделген ірімшік 8%-ға, сүзбе 5%-ға, сүзбе массасы 10,2%-ға, құрт 10,3%-ға қымбаттады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив