A+ A A-

talgatzhan 31 24-02-2025, 13:55 0

ШҚО-да рейд кезінде 39 көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін / ШҚО

Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 1,5 мыңнан астам ЖЖҚ бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көлік құралын масаң күйде басқарған 18 жүргізуші ұсталып, олардың біреуі есірткі әсерінде болғаны анықталды. Арасында екі жүргізуші бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылған.

Қала сыртындағы тасжолдарда қарсы жолаққа шығудың 10-нан астам фактісі тіркелген.

Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 150-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 500-ден астам жаяу жүргінші мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға айыппұл салынды.

76 көлік құралының пайдаланылуына тыйым салынды. 39 автокөлік айыппұл тұрағына қойылса, 37 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынды.

Сонымен қатар жолдардың салғырт жағдайы үшін жол қызметі ұйымдарының 17 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив