A+ A A-

talgatzhan 31 24-02-2025, 14:10 0

ШҚО әкімдігі мен «Казцинк» жаңа әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландырады

Бүгін / ШҚО

Өңір әкімшілігі мен ірі кен металлургия компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Биылғы жылы «Казцинк» түрлі әлеуметтік бастамаларға бір миллиард теңгеден астам қаржы бөледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ең маңызды жобалардың қатарында облыстың медициналық мекемелері үшін заманауи жабдықтар сатып алу, Риддердегі мектептің құрылысын жалғастыру мен мектептерді жабдықтау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар объектілерді жөндеу жұмыстары бар.

– Біз компанияның бөлімшелері орналасқан елді мекендер тұрғындарының ең өзекті бастамаларына әрқашан назар аударуға тырысамыз, – дейді «Казцинк» бас директоры Жанат ЖАНБОТИН. - Біз үшін өңірдің әлеуметтік әл-ауқаты маңызды, мұнда біздің қызметкерлер, олардың отбасылары жұмыс істейді және тұрады. Осы бағытта ШҚО әкімдігімен бірлескен жемісті жұмысты жалғастыруға қуаныштымыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив