Облыс полицейлері аса ірі көлемдегі есірткіні жеке пайдалану үшін дайындаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел іс-шаралар барысында одан 4 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Ол тыйым салынған затты өз үйінде сақтаған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.
Пікірлер