3 000 000 теңгеден астам қарызын төлеуден жалтарып жүрген өскемендік Астанадан табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі қарызы 108 миллион теңгеден асатын 17-ден астам борышкердің тұрғылықты жерін анықтады.
Полиция қызметкерлері атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Қарызы бар азаматтарға өз міндеттерін уақтылы орындау ұсынылады.
Пікірлер