A+ A A-

talgatzhan 35 26-02-2025, 14:00 0

ШҚО-да 9 кәсіпорын жұмысшыларға 150 млн теңге қарыз

Бүгін / ШҚО

Өңірде 300-ден астам адам жалақысын толық ала алмай жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, 2 ақпандағы жағдай бойынша облыстағы 9 кәсіпорынның жұмысшыларға еңбекақы бойынша берешегі бар. 

Жалпы қарыз 149,9 млн теңгені құрады. 304 жұмысшы жалақысын толық ала алмай отыр.

Айта кетейік, берешектің негізгі бөлігі (шамамен 136 млн теңге) «КЭМОНТ» АҚ үлесіне тиесілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив