A+ A A-

talgatzhan 33 26-02-2025, 14:50 0

ШҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 17 адам көз жұмды

Бүгін / ШҚО

Былтыр өндірісте 106 жазатайым оқиға болып, 124 адам жарақаттады. Оның 66-сының денсаулығына ауыр зақым келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сондай-ақ облыста 10 топтық апат болып, 28 адам зардап шекті.

- Өскеменде 52 адам жұмыс орнында зардап шекті (төртеуі қайтыс болды, 22-сі ауыр, 26-сы жеңіл жарақат алды). Алтай ауданы - 17 (екеуі көз жұмды, 9-ы ауыр, 6-уы жеңіл жарақат алды), Глубокое ауданы - 16 (бес адам қайтыс болды, 8-і ауыр, 3-уі жеңіл жарақат алды), Риддер қаласында - 10 (8-і ауыр, 2-уі жеңіл жарақат алды), Ұлан, Шемонаиха аудандары - 9, Марқакөл, Қатонқарағай аудандары - 4,Күршім ауданында 1 адам көз жұмды, - деді мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов.

Өндірісте зардап шеккендердің көбі тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі ұйымдары (26 адам), бюджеттік ұйымдарда (25), құрылыста (21), автомобиль көлігі кәсіпорындарында (9), коммуналдық шаруашылықта (7), ауыл шаруашылығында (6), энергетика саласында (5) жұмыс істеді. 

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептеріне жұмысшының абайсыздығы мен жұмыс өндірісінің нашар ұйымдастырылуы (32,1%), қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (11,3%), жол қозғалысы ережелерін бұзу (7,5%). ақаулы механизмдер мен жабдықтарды пайдалану (4,7%) жатады, - дейді Бақытбек Қизатов.

Арнайы тексеру нәтижесінде өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты 115 іс полиция департаментіне жіберіліп, үш өндірістік нысан мен құрал-жабдықтың жұмысы тоқтатылды.

209 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, алты жұмысшы жұмыстан шеттетілді. Тағы үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив