Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің ғалымдарымен ақылдаса отырып, Рамазан айының басталу күнін белгіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал Қадір түні 26-27 наурызға қараған түні өтеді. 30 наурыз күні Ораза айт мерекесі тойланады.
- Биыл пітір садақаның мөлшері 655 теңге деп бекітілді. Бұл 2 келі ұнның орташа бағасына негізделіп есептелген, ол мұқтаж жандарға көмектесу үшін беріледі, - деді ШҚО бас имамы Думан Сайфуллин.
ҚМДБ-ның fatua.kz ресми сайты мен арнайы Muftyat.kz сайтының Telegram-боты арқылы Рамазанға қатысты сауаплдарға жауап алуға болады. Сонымен қатар мешіттерде арнайы сұрақ-жауап бөлімдері жұмыс істейді.
Фотосурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер