Қаңтар айында елдегі қоғамдық тамақтану қызметінің бағасы 10,9%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мейрамханалар мен дәмханалардағы қызмет құны 7,8%-ға, оның ішінде мейрамханадағы түскі ас 9%-ға, кофеханадағы кофе немесе шай 6%-ға қымбаттады. Ал асханалардағы баға 13,9%-ға өсті. Фаст-фуд қызметі 12,8%-ға қымбаттады.
Өңірлер арасында ең жоғары баға өсімі Қарағанды облысында тіркелді (21,4%). Бұдан бөлек, Алматы қаласы (18%-ға), Маңғыстау (16,6%-ға), Солтүстік Қазақстан (15,7%-ға) және Ұлытау (14,8%-ға) облыстарында қызмет құнының қымбаттағаны байқалды. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 11 пайызды құрады.
Қоғамдық тамақтану қызметі бағасының ең төменгі өсімі Павлодар (0,1%-ға), Ақтөбе (0,8%-ға) және Ақмола (2%-ға) облыстарында тіркелді.
Пікірлер