2024 жылдың үшінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерінің орташа тұтыну мөлшері жан басына шаққанда тоқсанына 3,5 кг құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың қаңтарында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы жылдық мәнде 9,1% өсті.
Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық бағасы 6,9%, мұздатылған балықтың бағасы 7,7%, өңделген және консервіленген балық өнімдерінің бағасы 11,9% артты.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – жан басына 5,9 кг, Ақмола облысында – 5 кг, Батыс Қазақстан облысында – 4,6 кг, сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында – әрқайсысында 4,5 кг. Тұтыну мөлшерінің ең азы Шымкент қаласында – жан басына 1,1 кг.
Пікірлер