Өткен жылмен салыстырғанда өсім 123,2%-ды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыштың айтуынша, жеке табыс салығы – 67,3 млрд теңге, еорпоративтік табыс салығы – 43,2 млрд теңге, әлеуметтік салық 53,9 млрд теңгеге жетті.
– Департамент қызметінің маңызды бөлігі - цифрлық технологияларды енгізу. Қазіргі уақытта 90,5% мемлекеттік қызмет автоматтандырылған. «Е-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» мобильді қосымшалары белсенді дамып келеді. Бұл сервистер азаматтар мен кәсіпкерлерге қызметтерді ыңғайлы пайдалануға және салық есебін тапсыруға мүмкіндік береді, – деді Сайранқан Қабыш.
Биыл СӘИЖ жаңа ақпараттық жүйесі енгізіледі. Ол қолданыстағы 7 жүйені алмастырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін айтарлықтай жеделдетеді.
Енді азаматтар салық, шоттардың бұғатталуы және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жедел ақпаратты Salygbot Telegram-боты арқылы ала алады. 2024 жылдың қазан айынан бастап «Кеден мәселелері бойынша жедел көмек көрсету» жаңа сервисі іске қосылды.
Айта кетейік, 2024 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Салық сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе KGD веб-порталы арқылы есептеуге болады.
Пікірлер