8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстағы көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аналарға 15 000 теңге төленеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 12 417-ден астам көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар 8829 отбасы, «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған 3588 көпбалалы ана бар.
Пікірлер