A+ A A-

talgatzhan 30 3-03-2025, 13:25 0

ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін / ШҚО

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары, генерал-майор Қайрат Бижанов облыс әкімдігінде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа басшысы Арман Жүнісовты таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Арман Оразұлы 1977 жылы Өскеменде туған. 1999 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2003 жылы «Әділет» ҚЖМ Құқықтану академиясын, 2019 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі мансабын Өскемендегі сот-сараптама орталығында бастады. 2007 жылы тергеуші лауазымынан бастап түрлі жоғары лауазымдарда жұмыс істеді.

2003-2007 жылдары Астана қаласы сот сараптамасы өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасының жетекші-сарапшысы, бас сарапшысы, бастығы, 2007-2009 жылдары  Астана қаласының Қаржы полициясы департаменті тергеу басқармасының тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, 2009-2011 жылдары Экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары Астана қаласы Қаржы полициясы департаментінің тергеу басқармасының бастығы, 2012-2014 жылдары Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және олардың алдын алу басқармасының бастығы, Астана қаласы Қаржы полициясы бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарды.

2019-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіндегі басқарма басшысы, 2021 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып еңбек етті. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив