«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында соңғы екі жылда 35 медициналық нысан салынып, қалпына келтірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-2023-2024 жылдары ауылдық ауруханалар мен амбулаторияларға 1076 жаңа техника, соның ішінде компьютерлік томографтар, УДЗ аппараттары және диагностикалық құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұл шалғай елді мекендердегі диагностика мен емдеу сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, – деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.
Былтыр бес медициналық мекеме, соның ішінде амбулаториялар мен аудандық ауруханалардың бөлімшелері жөндеуден өтті.
2025 жылы Самар аудандық ауруханасы, Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылындағы аурухана мен дәрігерлік амбулатория, Ұлан ауданының Асубұлақ және Привольное ауылдарындағы амбулаториялар, Күршім аудандық ауруханасы және Зайсан ауданының инфекциялық бөлімшесінде күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Пікірлер