6 наурыз күні сағат 11:00-де «Көктем-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ретте ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын және телерадиоарналарды қосып, құлақтандыру жүйесін тексереді.
ШҚО ТЖД өкілдері тұрғындардан сиренаның дыбысын естігенде сабырлық пен тәртіпті сақтауды сұрайды.
Пікірлер