A+ A A-

talgatzhan 32 5-03-2025, 11:15 0

ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Бүгін / ШҚО

Тарбағатай ауданындағы Жалғызтал ауылының тұрғындары ішімдік өнімдерін тұтынудан толықтай бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұндағы 30 үйде 150 адам тұрады. Ауыл ресми түрде алкогольсіз ауыл мәртебесін алды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы шаралардың бір бөлігі саналады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соңғы үш жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. 

Жалғызтал - облыста ішімдіктен бас тартқан алтыншы елді мекен. Ауыл тұрғындары өздерінің шешімі арқылы басқа қазақстандықтарды да ынталандыратынына сенеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив