Әкімдік туристер үшін салынған нысандар мен жалғасатын жобалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, өткен жылы туризм саласына 15 млрд теңге инвестиция құйылды. Жеке меншік иесі Приморск демалыс орталығының құрылысын аяқтады. «Заречье» эко-қонақүйі кеңейтіліп, «Алтай Альпісі» демалыс базасының аумағында қонақүй салынды.
Сонымен қатар Риддердегі «Ridder Resort Hotel» (2 млрд теңге) және «BearLog» (1,8 млрд теңге) люкс қонақүйлерін қайта құру жұмыстары басталды.
Пікірлер