A+ A A-

talgatzhan 31 5-03-2025, 12:20 0

ШҚО-да шай бағасы 7,7%-ға өсті

Бүгін / ШҚО

Қаңтар айында кофенің құны 8,9%-ға, шайдың бағасы 4,1%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірлер арасында кофе бағасының күрт өсуі Батыс Қазақстан (25,7%-ға) және Қызылорда (28,6%-ға) облыстарында, Астана қаласында (17,8%-ға) байқалды. Аталған өнім құнының ең аз өсуі Абай(2,9%-ға) және Ақмола (3,6%-ға) облыстарында тіркелді.

Шайға келетін болсақ, ең жоғары баға өсімі Ұлытау (10%-ға), Ақтөбе (8%-ға) және Шығыс Қазақстан (7,7%-ға) облыстарында байқалды. Ал ең төменгі өсім Қостанай облысында тіркелді: 2,4%. Павлодар облысында баға өткен жылдың деңгейінде сақталса, Қызылорда және Түркістан облыстарында шайдың құны 1,2% және 2,9% арзандады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив