Қалалық кітапханада 1 наурыз - Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс орталығында орналасқан Оралхан Бөкей атындағы кітапханада мерекеге орай «Рақмет саған Отаным», «Бабаларымызға шексіз алғыс және тағзым», Қазақ еліне мың алғыс», «Қазақстан - Достық және Бейбітшілік Елі» тақырыптары аясында түрлі деректі фильмдер көрсетіліп, кітап көрмелері қойылды.
Айта кетейік, шаралар жиырма сегізінші ақпан мен бірінші наурыз аралығында өтті. Арнайы қойылған кітап көрмесінде белгілі ақын-жазушылардың туындылары қойылған. Көрменің бір ерекшелігі мұнда «Қазақ еліне мың алғыс» атты жалаумен көп ұлттардың тілінде сәлемдесу текшелері орнатылды.
Бұдан бөлек, облыстың дамуына үлес қосып жүрген қаладағы қайраткер азаматтар мен қазыналы қарттарға қала әкімдігінің атынан Алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар табысталды.
Пікірлер