Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділікті көрсететін критерий жеке тұлғаның банк шотына 3 ай қатарынан түрлі жеке тұлғалардан 100 және одан да көп ақша аударымдарын алуы саналады. Бұл ретте түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен (1 020 000 теңге) асуы тиіс.
- Мобильді төлемдерді бақылау адал салық төлеушілерге әсер етпейді. Ол заңсыз көлеңкелі кәсіпкерлікті анықтауға бағытталған. Яғни, жеке тұлғалар бұрынғыдай жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына, ата-аналар мен балаларына мобильді аударымдарды жасай алады және ала алады, - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста мобильді аударымдар бойынша тексеру жүргізіліп жатқан жоқ.
Фотосурет: Forbes.kz
Пікірлер