Ауа райының қолайсыздығына байланысты төмендегі қалалар мен аудандарда мектеп оқушылары онлайн оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласы:
1-2 ауысымның 0-11 сынып оқушылары;
Күршім ауданы:
Алғабас орта мектебі, Жолнұсқау орта мектебі, Қойтас орта мектебі, Қайынды орта мектебі, Құйған орта мектебіндегі 1-2 ауысымның 0-4 сынып оқушылары;
Ұлан ауданы:
Қанай орта мектебіндегі 1-2 ауысымның 0-9 сынып оқушылары, Р.Мәрсекова атындағы орта мектебі, Қ.Қайсенов атындағы орта мектебіндегі 1-2 ауысымның 0-11 сынып оқушылары.
Қалған білім ордаларында сабақ штатты режимде өтеді.
Фотосурет: Егемен Қазақстан
Пікірлер