Солтүстік-батыс циклон әсерінен жауын-шашын мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
7-9 наурыз аралығында өңірде күндіз ауа температурасы бірқалыпты сақталады.
— Демалыс күндері жауын-шашын көлемі артады деп болжануда. 10 наурыздан бастап түнде 20 градусқа дейін аяз болуы ықтимал, - делінген «Қазгидромет» РМК ақпаратында.
Ал Өскеменде 7-9 наурыз аралығында қар мен жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 0-2 градус, түнде 5-8 градус жылы болады.
Пікірлер