«Көктем-2025» РКШОЖ қатысушыларының алдында су өткізгіш құрылыстарда, арықтарда, автокөлік және темір жол көпірлерінде мұз жүруді өткізу, қорғаныс бөгеттерін, үйінді құрылыстарын нығайту, елді мекендердің аумағын үйіп тастау, инертті материалдарды дайындау, су тасқыны кезеңінде халықты хабардар ету, зардап шеккен адамды орналастыру пункттерін құру міндеті қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеңейтілген жедел штабта су тасқыны жағдайы бойынша жедел топ басшыларының, аудан әкімдіктері мен азаматтық қорғау қызметтері басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Облыста өтіп жатқан оқу-жаттығулар барысында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіліп, жеке үйлерді су басу шартты түрде орын алған Жетісу облысына көмек көрсету үшін теміржол платформаларына инженерлік техниканы тиеу пысықталды.
- Облыста жедел әрекет ету үшін су тасқыны қаупі төнген кезеңде жеке құрамның 2516 адамы, 240 мотопомпа, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 42 жүзу құралы, сондай - ақ 940-тан астам техника топтастырылды, - деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
РКШОЖ қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға толық талдау жүргізілді, авариялық-құтқару құралымдарының дайындығына баға берілді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.
Пікірлер