A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:45 0

Өскемендегі 46 мектепте оқушылар қашықтан білім алуда

Бүгін / ШҚО

Маусымдық жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты аймақтағы 107 жалпы білім беретін мектептегі 1504 сыныптан 27 610 оқушы уақытша қашықтан оқуға көшті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми ақпаратпен облыстық Білім басқармасы өкілдері бөлісті. 
- Өскемендегі 46 мектепте, Күршім ауданындағы үш мектепте, Ұлан ауданындағы тоғыз мектепте, Үлкен Нарын ауданындағы бір мектепте, Алтай ауданындағы сегіз мектепте, Зайсан ауданындағы бір мектепте, Катонқарағай ауданындағы бір мектепте, Самар ауданындағы бес мектепте, Тарбағатай ауданындағы тоғыз мектепте және төрт облыстық мектепте қашықтан оқыту ұйымдастырылды. Қашықтан оқытуға көшу туралы шешім оқушылардың 30%-дан астамы денсаулығына байланысты сабаққа қатыспауларымен байланысты, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив