A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:55 0

ШҚО-да «Гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны 25-ке жетті

Бүгін / ШҚО

Облыста жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) көбейіп келеді. Биылғы маусымда өңірде 63 мыңнан астам адамға ЖРВИ диагнозы қойылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,9%-ға жоғары көрсеткіш. Мамандар сөзінше, соңғы уақытта «Гонконг тұмауы» деп аталатын A/H3N2 штаммы да жиі анықталуда. Бүгінге дейін осы тұмаудың зертханалық расталған 25 жағдайы тіркелді.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Евгений Пивоваров қауесеттерге ермеуге шақырып, вирустың басқа маусымдық тұмау түрлерінен айырмашылығы жоқ екенін айтты.
14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттану деңгейі жоғары болғандықтан, мектептер мен балабақшаларда шектеулер енгізілуде. Егер бір сыныптағы науқас балалар саны 20%-дан асса, ол сынып уақытша қашықтан оқуға көшіріледі.
Емханаларда ауырғандарға тез қызмет көрсету үшін кабинеттер сүзгісінің жұмыс уақыты ұзартылған.
Сонымен қатар, өңірде тұмаудан бөлек риновирус (63 жағдай), бокавирус (1 жағдай), аденовирус (29 жағдай) және басқа да респираторлық инфекциялар тіркеліп отыр. ДДСҰ мәліметінше, биылғы маусымда ең көп таралатын тұмау түрлері A(H1N1), A(H3N2) және B штаммдары болмақ.
Эпидемиологтар тұрғындарға адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, маска тағуға, қол гигиенасын сақтауға кеңес береді. Ауру белгілері пайда болған жағдайда, өзін-өзі емдеумен айналыспай, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив