A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 16:00 0

Армения Премьер-министрі: Қазақстан – біз үшін өте маңызды ел

Бүгін / Республика

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі брифингте армян тарапы ынтымақтастықтың барлық бағытын кеңейтуге дайын екенін растады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстан – біз үшін өте маңызды ел. Өйткені сын сәтінде Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Алматыда кездесті. Бұл біз үшін өте маңызды болатын. Армения мен Әзербайжандағы бейбітшіліктің Алматы декларациясына негізделетіні баршаға мәлім. Оның саяси және символдық мәні зор. Осы ресми сапарымның нәтижесінде Армения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне қуаныштымын. Бұл өңірдегі ықпалдастықтың жаңа дәрежеге жеткенін көрсетеді, – деді Армения Премьер-министрі.

Айта кетейік, брифинг барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Армения іскерлік кеңесі екі жаққа да тиімді жобаларды жүзеге асыруға тиістігін,  жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайын екендігімізді баса айтты. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив