Өңірде боран соғып, жол дұрыс көрінбеуі салдарынан 300-ден астам көлік жолда қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен аптаның соңынан бері өңір бойынша ауа райы күрт нашарлап кетті. Әсіресе «Өскемен-Алтай», «Өскемен-Алматы», «Өскемен-Самар» және «Өскемен-Шемонаиха» бағыттарындағы жолдарда қарлы боран күшейіп, жол дұрыс көрінбеуде.
- Соның салдарынан барлығы 300-ден астам көлік жолда қалған. Полицейлер жолдарды тәулік бойы патрульдеп, 250-ден астам көліктің алдында жүріп отырып, қауіпсіз жерге жеткізіп тастады. Ал жағдай ушығып бара жатқандықтан, көліктердің бір бөлігі кері қайтарылды, - делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Жүргізушілер мен жолаушыларға полиция қызметкерлері ыстық шай мен тамақ таратқан. Ораза ұстаған азаматтарға арнайы азық-түлік пакеттері дайындалды.
Пікірлер