11 наурызда басталған іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау және алдын алу, сондай-ақ өңірге келген шетелдіктер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың тұратын және жұмыс істейтін орындарына рейд жүргізіп, кәсіпорындар, базарлар, құрылыс нысандары және басқа да орындарды тексереді. Көші-қон заңнамасының сақталуы мен мигранттардың заңды түрде еңбек етуіне ерекше көңіл бөлінеді.
ШҚО Полиция департаменті көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл талаптар шетелдіктерге де, оларды заңсыз жұмысқа тартқан Қазақстан азаматтарына да қатысты.
Полиция заң талаптарын сақтауға және қажетті құжаттарды уақтылы рәсімдеуге шақырады.
Пікірлер