2021 жылдан бері «Аңсаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста экстракорпоральды ұрықтандыруға 1509 квота беріліп, 570-тен астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі таңда өңірде 32 ерлі-зайыпты экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына кезекте тұр. Олардың барлығы квота алған. Науқастар емхананы өздері таңдап, құжаттарын учаскелік дәрігері арқылы толтырады.
Дайындық кезеңі дәрігер тексеруі мен тіркеуді қамтиды. Содан кейін құжаттар комиссияға жіберіледі. Ол мақұлданған жағдайда науқас Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркеледі.
МӘМС бойынша сақтандырылғандардың барлығы қосымша ақысыз жүктілікке дейінгі дайындықтан өте алады.
Пікірлер