Бұл туралы ШҚО Білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында Ұлан ауданындағы Балалар музыка мектебінің директоры Бақытжан Омарғалиқызы Аханова бар. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды.
Пікірлер