Өскеменде Үлкен Ассамблея ойындарының алғашқы күні жүзуден басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қатысушылар жылдамдық, күш және жеңіске деген жігерін көрсетіп, қызықты тартыс ұйымдастырды.
Сайыс Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервінің волейбол спорт мектебінің бассейнінде өтті.
Жарыс нәтижелері:
Жігіттер (25 м еркін стиль):
1 орын - Диас Нұрсылтанов (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
2 орын - Бақжан Нұрсеитов (Қазақстан-Американдық еркін университеті);
3 орын - Равиль Юнусов (Ассамблея Жастары);
3 орын - Родион Алпеев (Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі).
Қыздар (25 м еркін стиль):
1 орын - Виктория Ефимова (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
2 орын - Виктория Бондарева (Ассамблея Жастары);
3 орын - Анастасия Черкашена (Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі).
Командалық есеп:
1 орын - Қазақстан-Американдық еркін университеті;
2 орын - Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
3 орын - Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі.
Пікірлер