Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Катонқарағай ауданында және жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 16-шы шақырымында 250 текше метр қар көшкіні түсті.
Сондай-ақ Алтай ауданындағы республикалық маңызы бар «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахман қайнарлары» тасжолында 120 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Қар көшкінінен жолдар жабылды.
Осы ретте ТЖМ азаматтарды таулы аудандарда сақтық шараларын сақтауға және тазарту жұмыстары аяқталғанға дейін аталған бағыт бойынша жүруден бас тартуға шақырады.
Пікірлер