A+ A A-

talgatzhan 31 13-03-2025, 14:55 0

ШҚО-да «Asar Baspana» пирамидасынан 1500-ге жуық адам зардап шекті

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, ұйым тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып, ондаған мың азаматты алдаған. 

Қаржы схемасының ұйымдастырушылары инвесторларға ай сайын 30%-ға дейін пайда түседі деп уәде берген. Шын мәнінде ешқандай нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жасалып отырды. Нәтижесінде шамамен 86 мың азамат 12,4 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылды. 

Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыста «Asar Baspana» қаржы пирамидасының 1 479 құрбаны тіркеліп, жалпы шығын 300 млн теңгеден асты.

Айта кету керек, Қаржылық мониторинг агенттігі «Baiqa, piramida» атты Telegram-ботын іске қосты. Бұл сервис арқылы компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеруге болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив