Мемлекеттік кіріс органдарының деректеріне сүйенсек, былтыр облыс бойынша 4,8 миллиард теңге салық түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде тіркелген көлік құралдарының саны 4655 бірлікке көбейді,
ШҚО бойынша МКД Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Асет Мукашевтың айтуынша, салықты уақытында төлеу маңызды.
- Қарызды кешіктіріп төлеген жағдайда өсімпұл есептеледі. Ал егер мерзімі ұзарып кетсе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қабылдануы мүмкін. Наурыз айының басында қарыз сомасы 337,5 миллион теңгені құрады, бұл жыл басымен салыстырғанда 8,8 миллион теңгеге аз, – деді ол.
Пайдаланылмайтын көліктердің салығы да маңызды мәселеге айналды. Мұндай көліктер жалпы берешектің 60%-ын құрайды.
Былтыр борышкерлерді анықтау бойынша өткен рейдтер мен іс-шаралардың арқасында берешек көлемі 654,4 миллион теңгеге азайып, ресми жұмыс істейтін борышкерлер анықталды.
Айта кетейік, төлем туралы ақпаратты eGov, Kaspi Bank және Халық банкі қосымшалары арқылы білуге болады.
Пікірлер