A+ A A-

talgatzhan 31 14-03-2025, 14:45 0

ШҚО-да көлік салығын төлейтін уақыт таяп келеді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі.

Сондай-ақ салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив