Аталған құқық бұзушылық «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, операцияның алғашқы күнінде айыппұлды уақытында төлемеген 13 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды.
- Полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатып, тексеру барысында 160 мың теңге көлемінде 13 төленбеген айыппұлы барын анықтады. Барлығы жылдамдықты асырумен байланысты және «Мерген» автоматтандырылған кешені арқылы тіркелген. Нәтижесінде оның көлігі қарызы толық өтелгенше айыппұл тұрағына қойылды, - делінген ақпаратта.
Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады.
Пікірлер