Синоптиктердің айтуынша, апта басында ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республиканың басым бөлігінде күн ашық болады. Таңертең тұман түсуі мүмкін.
— Жалпы республика бойынша ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Еліміздің шығысында күндіз термометр 16 градусқа дейін, түнде 5 градусқа дейін жоғарылуы ықтимал, - делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.
Өскеменде ауа температурасы күндіз 8-13 градус жылы, түнде 3-6 градус жылы болады.
Пікірлер