Бұл туралы ақпаратты ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 2024 жылы өңірде 4724 неке қиылды. Шаңырақ көтергендердің 3420-ы қалада, 1304-і ауылда тұрады. Үйлену деңгейі бойынша Риддер қаласы көш бастады. Ал ең төменгі көрсеткіш Катонқарағай ауданында байқалады.
Алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлер үшін 29,5 жасты, әйелдер үшін 27 жасты құрады. Отбасылардың 83,3%-ы моноэтникалық, 16,7%-ы этносаралық.
Ал ажырасқандар саны 2261-ге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға төмен. Осылайша, 1685 отбасы қалада, 576 жұп ауылда некені бұзу туралы шешім қабылдады.
Ажырасудың ең көп саны Риддерде тіркелген. Ең аз ажырасу Катонқарағайда байқалады.
Пікірлер