A+ A A-

talgatzhan 38 17-03-2025, 15:05 0

ШҚО-да Ашық есік күні өтеді

Бүгін / ШҚО

29 наурыз күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін колоректальды қатерлі ісік пен жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осылайша, аймақ тұрғындары онколог, онкогинеколог және онкохирург дәрігерлерден тегін кеңес ала алады. 

Ашық есік күні Өскемендегі Көпсалалы онкология және хирургия орталығында, облыстағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда өтеді. Дәрігерлер қатерлік ісіктің алдын алу, диагностика және емдеудің заманауи әдістері туралы айтып, қажетті тексерулер жүргізеді. 

Айта кетейік, Ашық есік күніне жергілікті дәрігердің жолдамасы қажет емес, өзіңізбен бірге тек жеке бас куәлігі болуы қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив