A+ A A-

talgatzhan 30 18-03-2025, 10:00 0

ШҚО-да өзен кемелерінің қатынауы дамытылады

Бүгін / ШҚО

Бұл мәселе облыстық әкімдікте өткен жиында талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Мемлекет басшысы төртінші ұлттық құрылтайдағы баяндамасында өңірлерге бірқатар міндеттер жүктеген. 

Соның бірі – көлік-логистика саласын дамыту. Президенттің тапсырмасы бойынша Зайсан мен Катонқарағайда екі әуежайдың құрылысы басталды. Облыс әкімі Ертіс өзенінде кеме қатынасын дамыту перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті, тіпті бұл саланы қолға алуға дайын компаниялар да бар.

Мұндай жобалар бірнеше ауданның тығырықтан шығып, жүк және жолаушы тасымалының транзиттік желісіне қосылуына мүмкіндік береді. Өзен кемелерінің қатынауы шағын және орта бизнестің, туризмнің және экономиканың басқа да салаларының дамуына серпін береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив